КОМПАНИЯНЫҢ ТАРИХЫ
Тігінші Сэмми Котвани - "The Imperial Tailoring" компаниясының негізгі бастау болып табылатын адам, сән әлемінде ер жеткен. Өз мансабын ол Үндістанның Зерттеу Қоғамдастығы жанындағы Жібек және көркем жібектану институтына түскеннен кейін жасөспірім кезінде-ақ бастаған. Үндістандағы ең жақсылардың қатарынан табылатын осы институттан ол «Маталар технологиясы» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Иіру технологиялары» мамандығы бойынша диплом алады.
Міне 14 жылдан астам уақыттан бері Сэмми Котвани мәскеулік клиенттерден тапсырыстар қабылдайды, ал соңғы 2 жылдан бері өлшемдер Қонақтар Ауласында алынады.
Ол өз мансабын ертерек бастағанымен, соның арқасында бүгінгі таңда ол өзіне тігіншінің ерен тәжірибесін жинақтады, ең жоғары көркем шеберлікке ие болды, сонысымен әр жастағы және әр мамандықтағы адамдардың өзіне қызығушылығын тудырып отыр. Күннен күнге саны көбейіп келе жатқан тапсырыс берушілер - соның ең мықты айғағы. Котвани қол жеткізіп отырған шеберлік деңгейі оны тапсырыспен жұмыс істейтін майталман тігіншілердің қатарына қосады.
Сэмми Котвани өзіне келген клиенттерге жеке қызмет көрсетеді. Салонның ішкі жағдайы демалуға және тіл табысуға қолайлы, ондағы кәсіпқой дизайнерлер Сіздің болашақ костюміңіздің матасы мен моделін таңдауға көмектеседі. Біз әрбір клиенттің өзін үйде отырғандай сезінуіне жағдай жасаймыз. Сэмми Котвани дің өзі костюмді жігіттің ішкі жан-дүниесінің айнасы деп санайды.
Ал біз өз салонымызда әрбір ер адамның біздің тіккен костюмімізді киген кезде өзін нағыз жігіттей сезінуі үшін бәрін жасаймыз. Нағыз жігіт тәрізді киіну дегеніміз - бірегейлік пен сыпайы тәжірибелікті үйлестіру білу деген сөз. Нағыз ерлерше киіну уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдей білу дегенді білдіреді. Жақсы киімге ақша жұмсау, әдетте, одан кейін де ақшаның жұмсалуын талап етеді. Шын мәнінде жаңа қымбат аяқ киім сатып алған ер адам міндетті түрде басқа киіміне де көз салады. Оның соңы, әрине, жаңа костюмнің қажеттілігін тудырады. Одан кейінгі кезекте жақсы жейделер мен галстуктердің қажеттігі сезіледі. Бұған әдетте ұзақ уақыт керек. Әрқайсымыздың басымызға түсетін мұндай төтенше үдеріс бізді жеке стильге әкеліп тіреуге тиіс. Міне осы тұста Сіздің жеке стиліңізді қалыптастыруға біз үлес қосамыз!
|