«Император тігіншісі» салонында табиғи шикізаттардан: жоғары сапала жүннен, мохерден, жібектен, кашемирден және т.б. дайындалған маталардың 6500-ден астам түрі көрсетілген. «Император тігіншісі» жоғары сапалы маталарды шығарушылардың бірі - бельгиялық Scabal фирмасының ресми дистрибьюторы болып табылады.
Маталардың сапасы микрондармен өлшенетін жіптің қалыңдығы тәрізді көрсеткіштермен, сондай-ақ шыдамдылығымен, түсімен сол сияқты басқа да қасиеттерімен анықталады. Бұл терминдердің барлығы жүннен жасалған бұйымдарды сыртқа шығару жөніндегі Ұлттық корпорациямен (NWTEC) ұсынылған бір ғана Super жіктеліміне біріктірілген. 100 саны 1 кг жүннен 1 км үзіксіз жіп алынатынын білдіреді. Олай болса, 150, 180 және 200 санды маталардың сапасы одан да жоғары деген сөз.
«Император тігіншісі» салонындағы сапасы жоғары мата шығарушылардың арасында италия және ағылшын өндірушілері де ұсынылған, олар: Loro Piana, Holland&Sherry, Ermenegildo Zegna, Charles Clayton, Dormeuil, Moxon.
Талғамы жоғары клиенттер үшін «Император тігіншісі» Diamond Chip - Алмаз талшығы, Gold Treasure - Алтын қазына, Super'200 and vicuna - Викуньи қосылған Super'200 тәрізді эксклюзивті маталарды таңдауға қуанышты түрде ұсыныс білдіреді.
Мұның сыртында ер азаматтар өзін қызықтыратын мол матаның ішінен өз қалауы бойынша жейделер тігуге тапсырыстар бере алады, ал салонның кәсіпқой дизайнерлері киімнің әр нұсқасын үйлестіруде қажетті кеңетер беруге әрқашан әзір.
«Император тігіншісі» салонында сондай-ақ сыртқы киімдер (пальто, курткалар және т.б.) тапсырысы бойынша тігу қызметі көрсетіледі. Ол үшін пальто тігуге арналған маталарды таңдау мүмкіндігі бар: олар 100% жүннен, жүн - кашемирден, 100% кашемирден, түйе жүнінен тоқылған. Салонның әрбір клиенті өзінің сұранысы мен талғамына, ерлерге арналған қазіргі классикалық сән үлгілеріне сай беталыстарға сәйкес мата мен сыртқы киімнің болашақ моделін таңдай алады.
Біз Сіздің өзіміздің тұрақты клиенттеріміздің арасынан табылуыңызға әрқашан ризамыз!
ИМПЕРАТОР ТІГІНШІСІ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙ САПАСЫ БОЙЫНША КИІМ ТІГУ МАМАНДАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ
Республика Казахстан
480091, г. Алматы
ул. Панфилова, 113/56, угол ул. Гоголя
Тел: +7 3272 588 220 / 587 617
E-mail: almaty@webder.net
473000, г. Астана
ул. Абая, 73
Тел: +7 3172 326 161 / 326 464
E-mail: astana@webder.net