Арнап тігуКомпаниясының тарихыБіз жасаған ауылдарБаспасөз біз туралыМаталарФото және Бейне галереяФилиалдарHome page
АРНАП ТІГУ

"Арнап тігу" ұғымы (ағылшынша bespoke; атап айтқанда, "тапсырысқа тігу" немесе "алдын ала келісім бойынша" деген ұғымды білдіреді) шебер тігіншілерде матаның үлкен кездемелері пайда болған сонау 17-ші жүз жылдықтан бері бастау алған. Сатып алушы өзіне кездеме мата таңдаған кезде, оны «оны жеке келісім жөніндегі мата» ретінде белгілеп алған. Біздің клиенттеріміз тапсырысқа тігу (bespoke) мен өлшем бойынша жасалған тігудің (made to measure) арасындағы айырмашылықты өте жақсы түсінеді. Тапсырыс костюмінің қабылданған анықтамасы мынадай:"жеке адамның жеке адам үшін жеке өлшеп-пішкен киімі". Костюм нақты клиент үшін оның ұсынысы мен тапсырыстарына қарай пішіледі және ол оның тұлғасына да, мінезіне де дәл сәйкесетін болады. "Өлшем бойынша жасалған" тігу дегеніміз стандартты пішім мүмкіндігінше тапсырыс берушінің өлшемдері мен жеке тұлғасына қарай қиюластырылады.

Егер "өлшем бойынша жасалған" тігу тіпті тігіншілік кәсіптің барлық ережелері бойынша толығымен қолмен жүзеге асырылатын болса да, оған, шын мәнінде, атағы жер жарған "The Imperial Tailoring" компаниясының тапсырыс ("bespoke") костюмінің жеке шеберлігі жеіспей тұрады.

Сіз біздің «Император тігіншісі» компаниясына хабарлассаңыз, біз Сізге қандай және қандай мақсаттағы костюмнің қажеттігін анықтаймыз. Одан кейін матаның орасан көп коллекциясының ішінен (6500 түрге жақын) мейлінше Сізге сай келетін материал таңдалады. «Император тігіншісі» компаниясы ұсынатын жеке адамға тігу қызметі тапсырыс бойынша киімді сапалы тігудің барлық өлшемдеріне сәйкес келеді. Жеке пішім жасау үшін біз 20-дан артық өлшем жасап, үш проекцияда тапсырыс берушінің фотосуретін шығарамыз. Алынған өлшемдерді пішім бойынша қиюластыратын кейбір тігіншілерден біздің айырмашылығымыз, біз жеке пішім жасаймыз.

Өлшемдер алынғаннан кейін Сіздің тапсырысыңыз Англияға жіберіледі, ол жақтан ол 3-4 аптадан соң алғашқы өлшеп көруге қайтарылады, ал одан кейін 4-5 апта өткен соң, Сіз өзіңіз тапсырыс берген костюмді ала аласыз.

Егер Сіз бізбен біздің салонымызда кездескіңіз келсе, Сіз өз тілегіңізді электронды мекен-жайға жібере аласыз немесе хатшы-референтпен кездесу туралы келісім жасай аласыз. «Император тігіншісі» компаниясы Сіздің жеке тілектеріңіз бен талаптарыңызды ескере отырып, ерлер киімін тігу бойынша қызметтің толық спектрін назарларыңызға қуана ұсынады.

Алғашқы әсер алдамайды ...

Бүгінгі таңда бизнес әлеміндегі ең маңызды нәрсе - өзіңді өзің көрсете білу. Адамдар күн сайын Сізді және Сіздің компанияңызды бағалайды. Мұндай бағалау көбінесе Сіздің сыртқы тұлғаңызға негізделген. Оскар Уйальд айтқандай: " Тек ақымақтар ғана сыртқы түр-тұлғаңызға қарамайды", сондықтан іскер адам мейлінше салиқалы көрінуге тиіс. Ісі оңға басқан кәсіпкер әрқашан да дұрыс бейне жасаудың маңызын жақсы түсінеді. Жақсы киінген адам, сонысымен-ақ өзі араласатын адамдардың арасында өзін өзі сыйлайтынын көрсете алады. "Сіздің таңдаған және киген киіміңіз - Сіздің жеке тұлғаңыздың айнасы".

Біз сізге көмектесе аламыз.

«Император тігіншісіне» костюмге тапсырыс жасай отырып, Сіз ондағы жеке қызмет көрсетудің жоғары деңгейде екеніне көз жеткізк аласыз. Асықпай өзіңіздің болашақта киетін костюміңіздің барлық нюанстарына талдау жасап, өзіңздің ұсыныс-тілектеріңізді білдіре аласыз.

Сізге ыңғайлы болу үшін барлық кездесу жеке келісім бойынша біздің салонымызда немесе Сізге қолайлы кез келген жерде (кеңседе немнсе үйде) өткізіледі. Үздік шеберлік пен сапасы өте жоғары материалдың арқасында Сіздің костюміңіз мінсіз көрінетін болады, ол Сіздің сабырлылығыңыз бен сенімділігіңіздің кепілдігі болып табылады. Біз «Император тігіншісінің» қолынан шыққан костюмнің Сізді ешқашан ұятқа қалдырмайтынына және Сіздің сеніміңізден шығатынына уәде береміз.

ИМПЕРАТОР ТІГІНШІСІ
ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙ САПАСЫ БОЙЫНША
КИІМ ТІГУ МАМАНДАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ
Республика Казахстан
480091, г. Алматы
ул. Панфилова, 113/56, угол ул. Гоголя
Тел: +7 3272 588 220 / 587 617
E-mail: almaty@webder.net
 
473000, г. Астана
ул. Абая, 73
Тел: +7 3172 326 161 / 326 464
E-mail: astana@webder.net
© Император тігіншісі, 2003-2008
TopCTO Одежда и Обувь
The Imperial Tailoring Co.